30 нау, 2022 сағат 13:40

Тоқаев Словакия, Хорватия және Молдовадағы елшілерді тағайындады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Словакиядағы, Хорватиядағы және Молдовадағы елшілерін тағайындады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, делінген Жарлықта.

Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Алмат Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.