Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент музей-үйде Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің "Өскен өркен" атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.
"1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған. Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000 дана", - делінген хабарламада.
Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.