Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум туралы Конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды" - делінген хабарламада.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.