Фото: Борт N1 Telegram-арнасынан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан Президентін Бішкектің "Манас-2" халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы - президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров пен осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды.