22 там, 2022 сағат 17:28

Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты


Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, Ресейдің Ульяновск облысында болған жол-көлік оқиғасында 16 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Оның - 14-і Қырғызстан азаматтары. Үш қырғызстандық аман қалған. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Шағын автобус екі жүк көлігі арасында қысылып қалған. Адам өліміне себепкер болған жүк көлігінің жүргізушісі де қаза болған.