06 мам, 2022 сағат 12:05

Тоқаев Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады


Мемлекет басшысы Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісіне сөгіс жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін қазақстандық дипломат - Қазақстанның Мысырдағы, Алжирдегі және Тунистегі елшісі Қайрат Лама Шариф Facebook-парақшасында КСРО кезінен қалған бірқатар қала мен облыс атауларынан арылуды ұсынған болатын. Кейін жазба өшірілген.

Еске салайық, Қайрат Лама Шариф 2020 жылы қыркүйекте Қазақстанның Мысырдағы елшісі болып тағайындалған еді.