19 мам, 2022 сағат 19:25

Тоқаев: Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде елдегі рейдерлік мәселесі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біздің елде рейдерлік пен "крышалар" атымен болмауы керек. Егер бизнес адал жұмыс істеуге дайын болса, ерекше әрі заманауи болса, оны қолдау керек, ұлттық экономиканың жаңа моделіне қосылып кетуі үшін көмектесу қажет", - деді Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде.

Сонымен қатар, Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде бәріне бірдей әділ ойын ережелері бар таза экономика құру саясатын жалғастыратынын атап өтті.

"Жайлы орын мен қызметтерді үлестіруге жол бермейміз", - деді Президент. 

Еске салайық, бүгін Ақордада Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр. Шараға Президент әкімшілігі мен Үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.