04 қаз, 2019 сағат 17:41

Тоқаев бірқатар тағайындау жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігінде тағайындау жасады. Президент Өкімі Ақорда сайтында жарияланған.

Құжатқа сәйкес, Дәулетбек Құсайынов Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаратын болады.

Ал Шахрат Нұрышев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ол бұған дейін Қазақстанның Қытай мен Корей халық-демократиялық республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарған  болатын.