Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі БҚО аумағында тікұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың есімдерін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қазақстан ТЖМ ұжымының атынан 2023 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысының аумағында авиациялық оқиға кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз" - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чапурино елдімекенінен 6 шақырым жерде "Қазавиақұтқару" АҚ-тың 2021 жылы шығарылған Ми-8 АМТ тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған. Бортта 6 адам - 5 экипаж мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 1 өкілі болған. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.
МИ-8 АМТ Атырау - Орал - Атырау бағытымен "Қазтрансойл" АҚ тапсырысы бойынша мұнай құбырын тексерген.