Елордадан тікелей халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен қаланы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халықаралық әуе қатынастары санын арттыру маңызды мәселе саналады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтаннан халықаралық бағытта 30-дан аз тікелей рейс орындалады. Бұл – жеткіліксіз», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президентінің айтуынша, елорда өзін халықаралық орталық ретінде көрсетіп отыр.
«Әуені ашу қажет. Бұл – менің Үкіметке тапсырмам. Ең танымал, ең беделді компания болса-дағы бетінен қағудан қорықпау керек. Әуені ашу керек», - деді Қ.Тоқаев.