25 қаң, 2022 сағат 20:53

Тергеуде құқық бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті – Бас прокуратура


Тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдында көрсетілгендей, прокуратура органдары қайғылы оқиғаларды тергеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Бүгінге, прокуратура органдарына тыйым салынған тергеу әдістеріне және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқықтарын бұзу деректері бойынша 109 шағым түсті. Билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану туралы 11 шағым бойынша прокурорлармен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, ал қылмыстық қудалау органдары прокуратураның нұсқауымен 10 қылмыстық істі тіркеді», - деді Қилымжанов. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде 21 қылмыстық іс өндірісте, олардың ішінен 20-сы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерімен және біреуі арнайы прокурорлармен тергелуде. 

«43 арыз бойынша тексерулер жалғасуда, 22-сі өз дәлелін таппады. Естеріңізге сала кетейік, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жедел шара қолдау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде арнайы мобильді топтар құрылған. Кезекші прокурорлардың барлық байланыс телефондары «prokuror.gov.kz» ресми сайтында орналастырылды», - деді Бас прокуратура өкілі. 

Оның сөзіне қарағанда,прокуратура органдары халық арасында көз жұмғандардың қаза болу мән-жайларын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Әр жағдай бойынша өлімнің себептері толық зерделеніп жатыр.