Желіде Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасаған сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Baza Telegram-арнасы куәгерлер түсірген суреттер мен видеоны жариялады. Онда балалар үшінші қабаттағы терезеден секіріп жатқанын көруге болады. Видеодан атыс дыбыстары да естіледі.
Әлеуметтік желілерде жарияланған мәлімет бойынша, зардап шеккен балалар саны 12-ге жеткен. Олардың төртеуі реанимацияда, барлығы атыс салдарынан жарақат алған.
Басқа видео кадрларынан мектепке екі адам шабуыл жасағанын көруге болады. Олардың бірі оқу орнынан шыққан кезде ұсталған.
Бұған дейін Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарып, балалар зардап шекені хабарланған болатын.
Назар аударыңыз! Жүйке-жүйесі нашар адамдарға көруге болмайды!