01 қыр, 2021 сағат 20:00

Теміртауда ұлын пышақтап өлтірді деген күдікпен 68 жастағы ер адам ұсталды


Теміртау полицейлері аса ауыр қылмысты «ізін суытпай» ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

29 тамызда Теміртау қаласының Бейбітшілік даңғылындағы пәтерлердің бірінде 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. 

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 68 жастағы ер адамды ұстады. Ол марқұмның әкесі болып шықты. Әкесі өзара туындаған жанжал барысында ұлына пышақ салғанын мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.