17 қаз, 2024 сағат 10:46

Театр актрисасы Баян Имашева дүниеден озды

Фото: Қазақ ұлттық драма театры

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың артисі Баян Имашева қайтыс болды. Бұл туралы актриса еңбек еткен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы хабарлады.

"Бойындағы сахна шеберіне тән ойлылылық пен даралық, театрға, өнерге деген адалдығы - қазақ театр өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында жүзден аса рөл мен қазақ тарихындағы сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдатты. Өнегеге толы өмірінде, өнерге арнаған саналы ғұмырында актрисаның қазақ театры мен киносына, мәдениетіне қосқан үлесі өлшеусіз деп білеміз.", - делінген хабарламада.


Актриса Баян Имашева 1941 жылы дүниеге келген, Түркістан облысының тумасы. Актриса 1964 жылдан бері  Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет атқарған.