21 мам, 2021 сағат 13:17

Тәуелсіздік жылдары 54 құтқарушы қызмет барысында көз жұмды


Тәуелсіздік жылдарында төтенше жағдайды жою барысында 54 маман көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халық алдында есеп беру кездесуінде айтты 

«Біздің министрліктің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін, тыныштығын қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін адал орындап келеді. Өкінішке қарай, Тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын орындау кезінде 54 қызметкер қаза тапты. Адам өмірін құтқарумен байланысты қысылтаяң жағдайларда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін ел Президенті 262 қызметкерді марапаттады. Олардың 14-і көз жұмғаннан болғаннан кейін марапат алды», - деген министр сала мамандарына мемлекет тарапынан берілетін төлемдердің көлемін алдағы 3 жылда 58 пайызға артатынын айтты.

«Осы жылдың қаңтар айынан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы 10%-ға өсті. Жалпы, үш жыл ішінде азаматтық қорғау қызметкерлеріне төлемді 58% дейін ұлғайту жоспарлануда», - деді Юрий Ильин.