Тараз қаласы маңында қару-жарақ қоймасы табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қойма жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында табылған. Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Тараз Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қала маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған қапты анықтаған.
"Табылған қаптан екі Калашников автоматы, FBI8000 газ тапаншасы, жарық-шуылды граната, автоматтың оқжатарлары, пышақты мылтық, полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон алынды. Дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 287-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.