© Sputnik / Константин Чалабов
Талдықорғанда бойжеткен 77 жастағы туысының зейнетақы жинағын ұрлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 жастағы қыз зейнеткер әйелдің 3,5 млн теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Полиция 1,7 млн теңгені тауып, заңды иесіне қайтарды. Ал қалған соманы бойжеткен өз қажетіне жұмсап, банктегі кредитін өтеген.
Күдікті қарт әйелдің туысқаны екені анықталды. Соңғы екі ай бойы ол зейнеткердің пәтерінде тұрған.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағы "Ірі мөлшердегі ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір күдіктіні қамауға алу мәселесі шешіліп жатыр, деп мәлімдеді полиция департаменті.