20 нау, 2026 сағат 13:47

Ақтөбеде түнгі төбелес: 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

Фото: azh.kz

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жастар арасында болған жаппай төбелес қайғылы жағдаймен аяқталып, 17 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқиға түнгі уақытта болған. Құқық қорғау органдары жанжалға қатысы бар барлық күдіктілерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Жанжалға қатысқан барлық тұлғалар анықталды. Олардың әрекеттеріне заң аясында құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы бақылауда, кінәлілер жауапқа тартылады",  деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем шақырылмаған. Ес-түссіз жатқан жасөспірімді белгісіз адамдар ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер тек оның қайтыс болғанын тіркеп, бұл туралы полицияға хабар берген.