22 қыр, 2024 сағат 14:03

Тағы әскери қызметкер өзіне қол жұмсады: Оның мәйіті Петропавлдан табылды

Фото: ашық дереккөз

Петропавлда келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметкер асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 21 қыркүйекте Петропавлдағы үйлердің бірінің жертөлесінен қорғаныс істері департаментімен келісімшарт бойынша әскери қызметкердің мәйіті табылды.

Баспасөз қызметі қайғылы оқиға жұмыстан тыс уақытта болғанын атап өтті.

"Алдын ала деректер бойынша келісімшарттағы әскери адам отбасылық жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Оның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген баспасөз хабарламасында.


Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу басқармасы орталық өңірлік қарулы күштеріне қарасты Петропавл тобының Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

"Өз-өзіне қол жұмсау туралы хат бар", – деп хабарлайды әскерилер. 


Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы хабарлады. Бейресми деректерде марқұмның кіші сержант шені болғаны айтылды.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте Абай облысындағы Аягөз гарнизоның әскери қызметкері көз жұмғаны белгілі болды. Ал содан екі күн бұрын Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алған.