14 там, 2020 сағат 17:06

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі электрондық білезіктер енгізбек

Қазақстанда қамауда ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылған азаматтарға электрондық білезіктер тағылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қамауда ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасы қолданылған кезде электрондық бақылау құралдарын (электрондық білезіктер) қолдану мәселесін пысықтауда. Озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, аталған жоба қылмыстық процесті ізгілендіруге және қамауда отырған адамдарды азайтуға ықпал етеді», - дейді Цифрландыру мәселелері бойынша агенттік төрағасының көмекшісі Аслан Құсайынов.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген шараларды қолдану шарттарын бұзу фактілеріне жедел ден қоюға және тергеу мен соттан жасырыну әрекеттерінің жолын кесуге мүмкіндік береді.

«Бұдан басқа, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тиімді пайдалануға ықпал етеді», - дейді ол.