Сүйіктісімен ренжісіп қалған елорда тұрғыны полицияға хабарласып, өз пәтеріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ер адам сол күні өз пәтерінде туған күнін атап өтеді. Ішімдікке масайған кезінде құрбысымен сөзге келіп қалады.
«Ашуға беріліп көшеге шығып кеттім де, полицияға қоңырау шалдым. Пәтеріме бомба қойғанымды, оны қазір жаратындығымды айттым. Істеген әрекетіме қатты өкінемін»,- деді 35 жастағы елорда тұрғыны.
Күдіктінің мекенжайын жедел анықтап, пәтеріне кіріп келген полиция қызметкерлерін көргенде елордалық таңданысын жасыра алмаған. ҚР Қылмыстық кодесінің 273-бабымен 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жарығыш зат қойылғаны туралы қасақана жалған хабар беру фактілеріне айрықша назар аударады. Осы жылдың басынан бері елордада терроризм актісі туралы 5 жалған ақпарат түскен.
«Қылмыстың бұл түрі ауырлығы орташа санатқа жатады және қоғамдық үлкен резонанс тудырады. Мемлекеттік құрылымдардың көптеген күші мен бөлімшелері жұмылдырылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Данияр Шымырқұлов.