Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында тон ұрлау күдігіне іліккен 20 жастағы бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында жылжымайтын мүлік супермаркетіне жұмысқа тұрып, тағлымдамадан өтіп жүрген бойжеткеннен қолайлы сәтті пайдаланып, құны 600 мыңтеңге тұратын тонды ұрлап кеткен. Ол ұрланған затты алдағы уақытта сатпақ болған. Алайда бойжеткен полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
«Күдіктіге қатысты «ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бойжеткен кінәсін мойындап түсініктеме берді. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында бұған дейін жасалған осындай қылмыстарға қатысты тексерілуде. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады», - деп атап өтеді ведомстводан.