Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны жағдайына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі.
23.04.2017 ж. СҚО-да қызыл судың келуімен Мамлют айналма жолынан 20-шағынаудан айналма жолына дейінгі «Челябі-Новосібір» автожолының 525-530 шақырымдарында барлық автокөлік түрлеріне шектеу енгізілді (528, 529 шақырымдарды су басқан).
Қостанай облысында су тасқынына байланысты (715+500 шақырымдарды су басқан) Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейінгі «Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729 шақырым жол бөлігінде барлық көлік түрлеріне шектеу қойылды.
Дәл осындай себеппен ОҚО «Самара-Шымкент» автожолының 2217-2235 шақырымдарында (2229 шақырымда көпір бар) барлық автокөлік қозғалысына тыйым салынды. Мұнда Арыс өзені арқылы өтетін көпірдің тіректерін су шайған.
Аталған аумақты Темірлан ауылы арқылы айналып өтуге болады.
Одан бөлек, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдардың жекелеген бөліктерін су басқан және шайылып кеткен.
Қарағанды облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 169 шақырымында су жайылған (ені - 50 м., тереңдігі - 10 см.) Автокөлік қозғалысына шектеу салынған жоқ.
СҚО-да су шайған жолдар:
1. «Жезқазған-Петропавл» 678 км (ені 150 м. болатын жол жағасының шайылуы);
2. «Жезқазған-Петропавл» 681 км (ені 200 м. болатын жол жағасының шайылуы);
3. «Жезқазған-Петропавл» 723 км (ені 20 м. жол жиегінің және диаметрі 1,5 м. болатын құбырдың шайылуы);
4. «Екатеринбург-Алматы» 766 км (ені 200 м. дейінгі жол жиегінің шайылуы);
5. «Екатеринбург-Алматы» 797 км (Жем өзеніндегі Барақ көпірінің шайылуы (көпір ұзындығы - 46 м), конустың және өтпелі плитаның бұзылуы);
6. «Екатеринбург-Алматы» 835 км (Ақан -Бүрлік көпірінің шайылуы (көпір ұзындығы- 70 м), конустың және өтпелі плитаның бұзылуы).
Шектеу жоқ.
«Қазақавтожол» РМК облыстық филиалдарының қызметкерлері су тасқынынан нұқсан келген жол бөліктеріне нығайту жұмыстарын жүргізіп, ескерту белгілерін орнатуда. Тәулік бойы кезекшілік жалғасуда.