Оралда жұмыс орнында күйік жарақатын алған әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 30 қараша күні таңмен «Құрылысшы» шағынауданы, 2/1 мекенжайында орналасқан стоматология ғимаратында болды.
Осында белгісіз затпен ғимаратты жинап жүрген 31 жастағы әйел 90-92 пайыз күйік жарақатын алған.
Әйел сағат 08.34-те қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алайда ол есін жимастан, сағат 12.30-да жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, әйел мас күйде болған.