Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, мұның үлкен себебі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жуырда ғана орта және шағын қашықтықтағы ракеталарды жою туралы келісімнің күшін жоюы – жаһандық әрі аймақтық қауіпсіздікке жасалған үлкен соққы болды. Осы қадам бүкіл Еуразия аумағында бақыланбайтын милитаризацияға жол берді. Өз кезегінде соғысқа дайын елдер ядролық қарудан бас тарту жігерін жоғалтуда. Олар ядролық қаруды өз қауіпсіздігі мен егемендігінің кепілі деп біліп отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында.
Айта кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Astana Club отырысы өтіп жатыр. Кезекті басқосуға әлемнің 23 мемлекетінен геосаясат, экономика мен халықаралық қатынастар саласының маңдайалды сарапшысы ретінде мойындалған 50-ден астам халықаралық спикер қатысуда. Құрметті меймандардың қатарында - 3 бұрынғы мемлекет басшысы, 5 экс-премьер-министр, 10 министр және Нобель сыйлығының лауреаты бар.