Фото ©REUTERS
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшілігінің Киевке қайтарылуы туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін Telegram-арналарда Қазақстанның Украинадағы елшілігі Киевке қайтарылғаны туралы ақпарат тарады. Авторлар эвакуациядан кейін бірінші болып қазақстандық дипломаттар Украина астанасына оралғанын атап өткен.