ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Свой дом» қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу органы еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарымен «Свой дом» инвестициялық бағдарламасы бойынша төленген сомадан 7 күн ішінде 40%-ға дейін пайда табу шартымен келісім жасасқан күдіктіні анықтады.
Қаржы пирамидаларын құру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті көздейді, ол үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Свой дом» қаржы пирамидасының құрбанына айналған азаматтарға Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне немесе 8(7252) 77-14-48, 8-700-690-52-39 телефонына хабарласуды сұраймыз.