01 ақп, 2022 сағат 17:00

Шымкентте қоқыс контейнерінен әйел адамның мәйіті табылды


Шымкентте қоқыс контейнерінен әйел мәйіті табылды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы полицияға хабар бүгін таңертең түскен.

Жангелдин көшесінің бойынан өтіп бара жатқан тұрғын қоқыс жәшігінен көрпеге оралған әйелдің мәйітін байқаған.

Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері мәйіттің шамамен 35 жастағы әйел адам екенін анықтады.

«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтiру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде» - дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.