Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Шымкентте халықаралық іздеудегі теріс діни ағым өкілі ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында көрші елдің 32 жастағы азаматын құрықтады. Өзбекстан Республикасында ірі көлемде ұрлық жасап, тергеу мен соттан қашып жүрген ер адам қала аумағындағы көшелердің бірінде қолға түсті.
Қабылданған шұғыл шаралардың нәтижесінде Шымкент полицейлері халықаралық іздеудегі күдіктіні 2 ай ішінде іздеп тапты.
Тәртіп сақшылары ел аумағында заңсыз жүргенін және теріс діни ағымды ұстанушылардың қатарынан екенін анықтады" - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда шетелдік қамауда отыр. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.