18 шіл, 2022 сағат 17:01

Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан үш ҚДТ өкілі сотталды

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда тыйым салынған "ҚДТ" экстремистік ұйымының үш өкілі Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке Қазақстанда тыйым салынған "ҚДТ"/"Көше" экстремистік ұйымының жақтастары белсене қатысқан. 

"Шымкентте сот үкімі бойынша, осы тыйым салынған ұйымның 3 өкілі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысуға шақырып қана қойған жоқ, сонымен қатар қалалық әкімдік ғимаратына өздері шабуыл жасап, бұзақылық және мемлекет мүлкін бүлдіруге қатысқан", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, ұрланған атыс қаруын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.