11 там, 2020 сағат 16:16

Шымкент мейрамханасында атыс болып, бір адам қаза болды

Шымкент қалалық Полиция департаменті мейрамханалардың бірінде болған атысқа қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«10 тамызда Қазиев көшесінде орналасқан «Гранд-Прага» мейрамханасында оқ атылды. Алған жарақаттарынан жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қаза болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) және ҚР ҚК 287-бабы (атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген мәліметте. 

Мәлім етілгендей, жедел іс-шаралар барысында болған оқиғаның мән-жайы мен күдіктілер анықталды.

«Оларды ұстау бойынша шаралар қабылданды», - деді полициядан.