16 там, 2021 сағат 19:55

Шығыс Қазақстанда 70 порнография сайты анықталды


Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 70 порнография сайтты анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 9-15 тамыз аралығында «Anti-fraud» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Мұндағы мақсат – ақпараттық технологияны қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу. 

«Жеті күн ішінде тәртіп сақшылары 12 интернет алаяқтықты әшкереледі. Сондай-ақ бұрын жасалған 33 қылмыс ашылды. Ғаламтор желісіне мониторинг жүргізу нәтижесінде порнография бейнероликтері бар 70 сайт анықталған», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Осы ретте, департамент мамандары азаматтарды ғаламторды пайдаланған кезде барынша сақ болуға шақырады. Ақшаңызды, банк картаңыздың деректерін және ұялы операторлардан түсетін құпиясөздерді бейтаныс адамдарға жібермеңіз.