Жамбыл облысында Шу қаласының тұрғынынан төрт келі гашиш тәркіленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қарасора-2021» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қайнар-Қордай автожолында ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатқан.
Көлікті тінту барысында Теа есімді қызметтік иттің көмегімен Шу қаласының 25 жастағы жолаушы-тұрғынынан төрт келі гашиш табылды.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Жамбыл облыстық ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.