ҰҚК Шекара қызметі ресейлік әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізі акваториясында браконьерлікті тоқтатуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара нәтижесінде шекарашылар теңіз кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 246 түрлі құқықбұзушыны және 24 қайықты ұстады.
"Браконьерлік аулау құралдары - 179 шақырымнан аса тор және ілмек құралдары, бекіре тұқымдас балықтар - 533 дана (3 600 килограмм), бөлшек балықтар - 4 006 дана (5 400 килограмм), үш итбалық тәркіленді", - делінген хабарламада.