ҚР ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті «Жібек жолы» өткізу пунктінде Қазақстан Республикасына есірткі құралдарын контрабандалық жолмен адам денесінде алып өту фактісінің кезекті рет алдын алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 қаңтар күні өткізу бекетіндегі кіру бағытындағы залда «Режимді бақылау» шекара жасағы «Линда» қызметтік итін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Оның денесінен құрамында өсімдік тектес есірткі заты табылды. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 236 гр «шикі апиын» екені анықталды, ол аса ірі мөлшер болып табылады.
Осы факт ҚР ҚК 286-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша СДТБТ-да тіркелді.