Шарын шатқалында бір тәулікке жуық уақыттан соң аман-есен табылған оқушы жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Жаңбыр жауып кетті. Сыныппен барлығымыз тығылдық. Содан кейін бұршақ жауды. Су жиналып қала берді. Біз бір тастан ұстап тұрдық, ал тас бізді көтермей бөлініп кетті. Сосын қайтадан ұстауға тырыстым да, бірақ жібере салдым" - деді қыз.
Одан "сені ағын су алып кетті ме?" деп сұрағанда:
"Солай сияқты, қалай болғанын бімеймін. Көзімді қатты жұмып алдым. Кейін қолыма ілінген тастың бір жағын ұстап, үстіне көтерілдім. Сол жерден жартасқа өрмелеп шықтым, алдымен қолымнан түк келмеді. Бірақ кейін шықтым", - деді аман-есен табылған оқушы.
Баланың ата-анасы, атасы іздеу жұмыстарына ат салысқан барша жандарға, құтқарушыларға алғыстарын жаудырып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды. 6 адам зардап шегіп, бір оқушы із-түзсіз жоғалып, бүгін аман-есен табылған болатын.