Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.
Шахрат Нұрышев 1972 жылы 20 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Бейжің тіл институтын (1995), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (1996) және Назарбаев университетін (2012) бітірген.