27 сәу, 2021 сағат 11:25

Сенат Төрағасы коронавирус жұқтырғанын айтты


ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінен коронавирус індеті анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын», - деп жазды Сенат спикері Facebook-те.

М.Әшімбаев атап өткендей, елімізде өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. 

«Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік», - деді ол.