Семей қаласының тұрғыны алаяққа 2 800 000 теңге берген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 25 жастағы тұрғын хабарласқан. Өз сөзінде ол танысы 2020 жылдың наурыз айында несие ресімдеуге көмектесетіндігін айтып, 2 800 000 теңге сұрағанын жеткізді. Ойына еш секем келмеген азамат сол соманы бере салған.
«Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындап отыр», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.