2024 жылғы 2 қазанда Иран аумағының үстіндегі әуе кеңістігінің жабылуына байланысты SCAT әуе компаниясы Шарм-эш-Шейх (Египет), сондай-ақ Жидда мен Мединеге (Сауд Арабиясы) ұшатын рейстердің маршруттарына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Осыған байланысты ұшу уақыты орта есеппен бір сағатқа ұзартылды. Қазіргі уақытта Иранның әуе кеңістігі ашылған. Әуе дәліздері жасалды. Әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалап, кез келген уақытта кестеге қосымша өзгерістер енгізуге дайын. Жолаушылардың қауіпсіздігі — біздің басты басымдығымыз", - делінген хабарламада.