Бүгін Меркі аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалы облыстық сайлауалды штабының төрағасы Бағлан Қарашолақов аудандағы партия атынан үміткер, кандидаттармен кездесу өткізді.
Кездесуде сөз алған партияның Меркі аудандық сайлауалды штаб төрағасы М.Көкрекбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына тоқталды.
Меркі ауданында Республикалық сайлауалды штабпен келісім бойынша бекітілген желілік кестесіне сәйкес үгіт насихат кезеңіне, яғни ағымдағы жылдың 11-желтоқсаны мен 8 қаңтары аралығында 145 іс-шара өткізу жоспарланған, іс-шаралардың 40 пайызы онлайн режимінде, қалған 60 пайыз шараларды дәстүрлі өткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда аталған шаралардың 61-і өткізілді. Шараларды ұйымдастыруда эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық қауіпсіздік ережелері сақталуда.
Желілік кестеде заман талабына сай және эпидемиалогиялық талаптарды ескере отырып жаңа форматтағы іс-шараларға басымдық берілген, атап айтқанда «Есіктен есікке» акциясы аясында – 14 шара; «Экспромт-встреча (кездейсоқ кездесу)» форматында – 4 шара; «Канвассинг» (кандидат қонақта) форматында – 12 шара; тікелей эфир жүйесінде үміткерге сұрақ қой – 15 шара және дәстүрлі форматта (кездесу, жиналыстар) – 16 шара өткізілді.
Кездесу барысында партия атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар У.Мамикова, Н.Сейсенбаев, Б.Меңлібеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы С.Құралбай сөз сөйлеп, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Мәселен, Н.Сейсенбаев өзінің тұрғылықты жері Ақтоған аулында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған Асарлатып үй салу жобасы бойынша үлкен, іргелі баспана пайдалануға берілсе, бұған дейін ауыл тұрғындарының қолқабыс болуымен алты үй соғылып бергенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, 2 отбасына көгілдір газ кіргізіліп берілгені, екі үйге жылыту жүйесі мен көгілдір газ кіргізіліп берілгенін айтты. Жақында ғана жалғызбасты ананың үйінің қабырғасы мен шатыр үсті құрылыс материалдарымен жылытылып беріліпті. Мұнда қарапайым заттар экономикасын дамытып, әрбір үйдің ауласы ауыл жастарының көмегімен жыртылып беріліп, оған қажетті көшет, тұқымдары тегін алынып беріліп, тұрмыстық жағдайын көтеруге мүмкіндік жасалатын болады.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтар өздерінің 5-6 бас малын әлеуметтік жағдайы төмен отбасына беріп, оған қыстық, жем-шөбін сайлап беруде.
Мұндағы мақсат, сол отбасы малды бағып, күтіп төлін өзіне қалдыруға жағдай жасалуда.
Облыстық штаб төрағасы Б.Жиеналыұлы қорытынды сөзінде:
– Сайлаудағы жеңіс әрқайсымыздың біліктілігімізге, жауапкершілігімізге, өз ісімізге толық берілгендігімізге тікелей байланысты.
Партия Төрағасы – Елбасы барлық кандидаттар сайлау науқанына белсенді атсалысуы керектігін нақты белгілеп берді.
Барлық үгіт-насихат жұмыстары «жанды» және сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жасалуы тиіс.
Біздің барлығымыз Партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз, - деді.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы, Меркі аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.