20 жел, 2019 сағат 12:28

Саяси партияларды тіркеудің шекті құны екі есе төмендейді - Тайжан

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан кеңестен кейін әрбір адам цифрлыұ жолмен жердің жағдайы мен қалай қолданылып жатқаны енді қолжетімді болғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz порталы.

«Бұл бізге тең бақылау мен цифрлық бақылауды ұсынады. Осыған байланысты бұйрық шығару туралы айттым. Бұл мәселеге АШМ Жер комитеті жауапты міндет атқарады. Ғарыштық-цифрлық бақылау ең ашық бақылау болып отыр. Ол адамның қатысуынсыз, дербес жүзеге асырылады. Жер қолданылмай тұратын болса, салық 20 есе көп салынады. Бұл тәртіп бойынша жерді игермей жатқан азаматтардың қалтасы ұрылады. Жылына олар 20 есе артық төлейді», - деді М.Тайжан.

Сонымен қатар, ол ең маңызды мәселелер саяси салада болғанын атап өтті.

«Саяси партияларды тіркеу шекті құны екі есеге төмендейді. Яғни, 40 мыңнан 20 мыңға төмендеді. 174 бап-гуманизация, 130 бап – журналистерге қатысты маңызды бап болып отыр. Ғайбат айтқандарға қылмыстық емес, әкімшілік іс қозғалатын болады. 174 бап бойынша қылмысын өтегендер, олар 2 мыңнан астам адамды құрайды. Енді олар еркін жұмыс істейді. Олар есепшот ашып, банк карталарын аша алмайтын еді. Өмір сүру қиын болатын. Қазір олар, әлеуметтендіріле алады», - деді ол.