"Ансар Алла" қозғалысының йемендік көтерілісшілері (хуситтер) корольдік аумағына шабуылдауына байланысты Сауд Арабиясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.
"Сауд Арабиясының миссиясы хуситтердің бейбітшілікті шайқалтатын шабуылын сынау үшін Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуге шақырады", - деп жазылған мәлімдемеде.
Біраз бұрын Сауд Арабиясы энергетика министрлігі Джидданың солтүстігіндегі мұнай өнімдерін бөлу станциясына жұманың кешінде зымыран снаряды түскенін, ал Джизан ауданындағы "Әл-Мұхтар" электр станцияясына гранатометтен оқ атылғанын растады. Сауд Арабиясының аумағындағы жаңа шабуылдар үшін жауапкершілікті йемендік көтерілісші-хуситтер өз мойнына алды.
Өткен аптада Сауд Арабиясының билігі 82 адамды, соның ішінде йемендік үш әскери тұтқынды өлім жазасына кескеннен кейін хуситтер корольдік аумағына шабуылды күшейтті. Бұл шабуылдар 29 наурызда Эр-Риядта өтуге тиіс йеменаралық диалог қарсаңында болып жатыр. Бұл жиынға Парсы шығанағының елдері хуситтерді де шақырған. Алайда олар Сауд Арабиясы Йемен қақтығысының қарсы тарапы екенін айтып, шараға қатысудан бас тартты.