20 там, 2021 сағат 10:10

Сәтбаевта белгісіз біреулер 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді


Бүгін түнде Сәтбаев қаласында белгісіз біреу 41 жастағы қала тұрғынын атып өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

20 тамыз күні сағат 01.00-де белгісіз тұлға атыс қаруын қолданып, Сәтбаев қаласының 41 жастағы тұрғынын өлтірді. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

«Оқиға орнында Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеуде. Жасалған қылмыстың түрлі нұсқалары тексерілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.