07 қаз, 2020 сағат 08:21

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адам өзіне қол салды

Қарағандыда тергеу изоляторының камерасында Сатбаев қаласында 5 жасар қызды зорлаған күдіктінің денесі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

6 қазан күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жас қызды зорлағаны үшін тергеліп, тұтқындалған күдіктінің денесі табылды. 

«Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасы күдіктінің қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің алдын-ала себебі - суицид. Тексеру кезінде қайтыс болған адамның денесінен қандай да бір жарақаттар анықталған жоқ.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірығай тізіліміне тіркелді. Оқиға орнына Қарағанды қаласынан жедел тергеу тобы келді. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті осы оқиға бойынша қызметтік тексеру тағайындады», - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілдеде Сәтбаев қаласының полициясына ер адам бес жасар қызының жоғалғаны туралы арыз жазған болатын. Қызды іздеуге жергілікті полиция бөлімінің барлық жеке құрамы және жүзден астам еріктілер қатысты. Бала түнде көп қабатты үйлердің бірінен табылды. 

27 шілдеде күдікті қамауға алынды.