Партиялық тізімдегі обылыстық маслихат депутаттығына кандидаттар Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Үміткерлер мекеменің фойесінде экспромт кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында аудан тұрғындарынан 60 адам қамтылып, онда сайлау науқанына қатысты пікірлер ортаға салынды.
Осы күні Мәжіліс депутаттығына кандидат Сұлтан Өсербаев та Сарыкемер ауылындағы халыққа қызмет көрсету орталығында сайлаушылармен кездесті. Экспромт кездесу барысында үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, халықты бірлік пен ауызбіршілікке шақырды.
- Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық - біздің барша қазақстандықтарға тастайтын партиялық ұранымыз. Сондықтан ұлт болып ұйысқан ауызбіршілігіміз көпке үлгі болсын. Ең бастысы, «бір жеңден қол, бір жағадан бас шығарып» бірлесе жұмыс атқару. Бұл бағытта Nur Otan партиясы талай жылдан бері бағдаршам болып келеді. Сіздерді саяси науқанға белсене атсалыпы, өздеріңізді ашық таңдауларыңызды жасауға шақырамын, - деді Сұлтан Өсербаев.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.