16 нау, 2021 сағат 09:51

«Сары» және «жасыл» аймақтағы өңірлерде карантин жеңілдетілді

«Сары» және «жасыл» аймақтағы өңірлерде карантин режимі барынша жұмсартылғанына байланысты мониторингілік топтардың жұмысы күшейтілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сары» және «жасыл» аймақтағы өңірлерде карантин режимі барынша жұмсартылғанына байланысты мониторингілік топтардың жұмысы күшейтілді. Дегенмен шектеу шараларының бұзушылықтары азайған жоқ. Осылайша, ақпан айында қаңтармен салыстырғанда рейдтер саны 1,3 есе артты (16261-ден 20663 рейдке дейін), ал шектеу шаралары бұзушылықтарының үлесі 3,6% құрады», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Оның айтуынша, жеке тұлғаларға салынған айыппұлдар саны 1,7 есеге өсті (779-дан 1330 адамға дейін).

«Әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметіне шектеу шараларын енгізуді жеңілдету, халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру коронавирус инфекциясының таралу қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты аймақ әкімдері мен Ішкі істер министрлігінен мониторингілік топтардың жұмысын күшейту және шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке материалдарды жіберуді тапсырамын», - дейді ол.