Рудныйда алимент берешегін өтеу үшін үй сатылды. Жеке сот орындаушысы Александр Қожамұратов алимент берешегін өндіріп алу бойынша үлкен жұмыс атқарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қостанай облысы ЖСО өңірлік палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылғы 3 қыркүйекте алимент өндіру туралы атқарушылық іс қозғалды. 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі берешек 1 826 227 теңге сомасында айқындалды.
«Рудный қаласы сотының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы ұйғарымымен борышкердің меншігінде болған Рудный қаласындағы тұрғын үйді өндіріп алу жолымен сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібі өзгертілді», - деді Қостанай облысы ЖСО өңірлік палатасының басшысы Несібелі Басенова.
2021 жылғы 13 қаңтарда тыйым салынған жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп сату нәтижесі бойынша үй электронды аукционда 2.039.400 теңгеге сатылды.
Тиісінше, алимент бойынша қарыз толық көлемде өтелді.