22 қаз, 2024 сағат 11:44

Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды


Фото: ҚТЖ


Ұлттық тасымалдаушы Республика күніне орай қосымша пойыздарды іске қосады, - деп хабарлайды  "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі .


Мереке және мереке қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты келесі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздар белгіленген:


  • Ақтөбе-Шалқар бағыты бойынша, №630/629 пойызы 2024 жылдың 22 қазанынан бастап бір күн сайын қатынайды;
  • Астана-Шымкент бағыты бойынша, №204 пойызы 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күн сайын қатынайды;
  • Шымкент-Алматы бағыты бойынша, №216 пойызы 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күн сайын қатынайды;
  • №201 пойызы Алматы-Астана бағыты бойынша, 2024 жылдың 23 қазанынан бастап күн сайын жүреді.

Пойыздарға әртүрлі қызмет санатындағы вагондар, соның ішінде купе және плацкарт вагондары кіреді.

Сондай-ақ, қала маңындағы бағытта 2024 жылғы 25 және 27 қазанда Қарағанды-Астана жүрдек электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. № 7553/6811/6812/7556 электр пойызының бағыты Қарағанды-Астана-Бурабай курорты:


  • Астанадан 10:40-та шығады, Бурабайға сағат 13:15-те келеді;
  • Бурабайдан сағат 14:10-да кері шығады, Астанаға сағат 17:00-де келеді.

Бұдан басқа, 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда Ерейментау - Астана - Көкшетау бағыты бойынша №6831/6829/6830/6832 Электр пойызының құрамы қосымша вагондар қосу есебінен ұлғайтылады.