21 сәу, 2021 сағат 14:52

Республика бойынша инфекциялық төсек-орынмен қамтылу 41% құрайды – Ерлан Қиясов

Республика бойынша инфекциялық төсек-орындармен қамтылу 41 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өңірлер бөлінісінде күнделікті төсек-орындармен қамту мониторингіне сәйкес, осы жылғы 21 сәуірдегі жағдай бойынша республикада инфекциялық төсек-орындармен қамтылу – 41 пайызды, реанимациялық төсек-орындармен қамтылу 28 пайызды құрайды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Оның атап өтуінше, инфекциялық төсек-орындардың ең көп қамтылуы Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында - 58 пайыз және Алматы қаласында 55 пайыз болып отыр. 

«Реанимациялық төсек-орындардың ең көп қамтылуы Алматы қаласында – 56 және Нұр-Сұлтан қаласында – 58 пайыз», - деді Ерлан Қиясов.